Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенатор: сырттан әкелінген киімдердің біразы Қазақстан мақтасынан тігілген болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Мақта
Мақта. Көрнекі сурет: pixabay.com

16 маусым күні парламент сенатында өткен үкімет сағатында сенатор Закиржан Кузиев ауыл және егін шаруашылығындағы ішкі өндірісті арттырып, импорт мөлшерін азайтуды ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сенатор Закиржан Кузиев Агроөнеркәсіп саласының қызметі аралас және оған бастайтын бағыттың пропорционалды дамуымен тығыз байланысты екенін айтты. Оның пайымдауынша, бұл жүйеде халықтың жағдайы мен аграрлық сектордағы тұрақтылықты анықтайтын азық-түлік және қайта өңдеу саласы маңызды орын алады.

"Яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу - ауыл шаруашылығы үшін драйвер бола алады.

Сарапшылардың айтуынша, елімізде барлық ресурс бар, егер өз потенциалымызды дұрыс және ұтымды пайдалансақ, біз бұл саланың жаңа қырларын аша аламыз", - деді ол.

Закиржан Кузиев елімізде агроөнеркәсіптік кешеніндегі заманауи технологиялар мен инновацияларды игерумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында қордаланған бірқатар жүйелі мәселені де шешу керектігін айтты.

Ол өңірлерге іссапарларда халықпен кездесу кезінде жиі көтерілетін мынадай мәселелерге тоқталды:

  • дәнді дақылдарды қайта өңдеу;
  • мақта өңдеу;
  • мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу.

Кузиевтің сөзінше, 15 жыл бұрын Қазақстанда 270 кәсіпорын болған және ұн көлемі бойынша еліміз әлемде көш бастап тұрған еді, алайда нарықтағы жоғары бәсекелестіктен қазір оның үштен бірінен кемі ғана жұмыс істеп тұр.

"Мәселені шешу үшін екі шешімнің бірін қабылдауымыз керек: халықаралық нарықтағы позицияларымызды қалпына келтіру немесе астықты өңдеу бойынша жұмысты тереңдету", - деді ол.

Мақта мәселесіне келсек, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы елімізде 360 мың тонна шикі мақта жиналған. Бірақ мақтаның тек 15 пайызы ғана қайта өңделген.

"Мақта талшығы – бүкіл тоқыма өнеркәсібінің маңызды буындарының бірі – біз оны өңделмеген күйінде шетелге сатамыз", - деді ол.

Оның айтуынша, өткен жылы көлемі 30,2 мың тонна болатын мақта талшығы экспортталған. Бүгінде Қазақстан мақтаны Молдова, Латвия, Түркия, Өзбекстан және Қытай елдеріне экспорттайды.

"Соңғы үш мемлекет Қазақстанға жіп, түрлі мата, үй тоқыма бұйымдары және киім тауарларын жеткізетінм негізгі елдер. Яғни сырттан әкелінген киімдердің біразы Қазақстанның мақтасынан тігілген болуы мүмкін", - дейді сенатор.

Мал шаруашылығының өніміне байланысты Закиржан Кузиев 2022 жылы ірі және ұсақ малдың жүн және терісін өндіру сәйкесінше 40,6 мың тонна және 11,4 млн дананы құрағанын айтты.

Бұл ретте жүннің жалпы көлемінің 6,6 мың тоннасы немесе 16 пайызы өңдеуге жіберіліп, экспортқа шығарылды, 900 тоннасы немесе 2,2 пайызы жуылмаған күйде экспортқа шығарылған, 33 мың тоннадан астамы немесе 82 пайызы өңделмеген қалдықты құрайды.

"Сондықтан қойдың жүні мен терісін өндіру және өңдеу саласындағы жұмыс пен мемлекеттік реттеудің әдістерін қайта қарауды ұсынамыз", - деді Закиржан Кузиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025050-senator-syrttan-akelingen-kiimderdin-birazy-qazaqstan-maqtasynan-tigilgen-boluy-mumkin/