Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі Төтенше және өкілетті елшісін тағайындады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның бірнеше елдегі Төтенше және өкілетті елшісі ауысты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
- Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар президенттің Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылғаны айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025129-toqaev-birnese-eldin-totense-zane-okiletti-elsisin-tagaiyndady/