Top.Mail.Ru

Зектілері

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізді

Жарияланған күні:

Президенттің төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы
Президенттің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. Фото: Ақорданың ресми сайты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірқатар жауапты мемлекеттік орган басшыларының баяндамасын тыңдады.

"Қауіпсіздік кеңесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскерлерін, әскери құралымдарын қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын қарастырды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс, қару-жарақ пен әскери техника айналымы, қорғаныс нысандары инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жекелеген мәселелер жөнінде жүйелі шаралар әзірленгені белгілі болды.

Жиын қорытындысы бойынша президент мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025142-toqaevtyn-toragalygymen-qauipsizdik-kenesinin-kezekti-otyrysy-otti/