Top.Mail.Ru

Зектілері

Тоқаев Түркістанға ұшып келді

Жарияланған күні:

Мемлекет басшысының ұшағы
Мемлекет басшысының ұшағы. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы хабарлайды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді.

Жиынға Құрылтай мүшелерімен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, Президенттің кеңесшісі және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2022 жылы 15 маусымда Президент жанындағы ұлттық құрылтай құрылды. Жарлыққа сәйкес Президент жанындағы ұлттық құрылтай туралы ереже, оның міндеттері мен құрылтайдың құрамы бекітілді.

Құжатта белгіленгендей, Ұлттық құрылтай президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Ұлттық құрылтай қызметінің негізгі мақсаты - қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау.

Президент жарлықта Ұлттық құрылтайдың келесідей негізгі міндеттерін бекітті:

  • қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;
  • жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;
  • өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру.
  • Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтайдың төрағасынан, оның екі орынбасарынан, мүшелерден және хатшыдан тұрады

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025201-toqaev-turkistanga-usyp-keldi/