Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті (видео)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.
Айта кетелік, бүгін президент Ұлттық құрылтайға қатысу үшін Түркістанға ұшып барған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025208-qasym-zomart-toqaev-qoza-axmet-yasaui-kesenesine-ziyarat-etti-video/