Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
"Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді", – деп жазды президент.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Ұлттық құрылтайын өткізген болатын.
Президент құрылтай Абай облысындағы алапат өрт шыққаннан кейін өтіп жатқанын айтқан.
"Тағы да қайталап айтқым келеді: біз мұндай оқиғадан сабақ алуымыз керек, нақты шешімдер қабылдауымыз қажет.
Ел басына түскен қиындықтар, ең алдымен, біздің береке-бірлігімізді сынға салады. Осындай күрделі сәттер, ең бастысы – шынайы жанашырлық және терең жауапкершілік таныту қажет екенін айқын көрсетеді. Мұны өздеріңіз өте жақсы түсініп отырсыздар", - деді президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025256-toqaev-medicina-qyzmetkerlerin-kasibi-merekesimen-quttyqtady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.