Германия президенті қазақстандықтар үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне тоқталды
Жарияланған күні:
Германия президенті қазақстандықтар үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ақорда ресми Telegram арнасында хабарлады.
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне қатысты пікірін білдірді:
"Бұл өте маңызды аспект. Қазақстан азаматтарының Германияға келуін және Германия азаматтарының Қазақстанға келуін анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға біз де мүдделіміз. Өзіңізге мәлім, виза мәселесі Еуропалық Одақ деңгейінде, еуропалық ведомстволар деңгейінде қарастырылады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша ЕО ұстанымын құптаймыз", - деді Германия президенті.
Еске сала кетейік, 19 маусымда Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Бүгін Ақордада Франк-Вальтер Штайнмайерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Сондай-ақ Қазақстан мен Германия президенті келіссөз жүргізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025603-germaniya-prezidenti-qazaqstandyqtar-usin-viza-talaptaryn-zenildetu-maselesine-toqtaldy/