Ерлан Ақкенженов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Бүгін Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.
"Үкімет қаулысымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды",- делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
"Әділет" жоғары құқық мектебін және "Астана" университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.
2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болған.
2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеген.
2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда қызме атқарды.
2022 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет еткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025703-erlan-aqkenzenov-energetika-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/