Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жылу электр нысандарында білікті мамандардың жетіспейтінін мәлімдеді (фото)

Опубликовано:

Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді. Іс-шарада еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі сын-қатерлер талқыланды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізілген талдау нәтижелері жөнінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев баяндама жасады.

Мемлекет басшысы баяндаманы тыңдаған соң саяси реформалармен қатар экономикалық және құқықтық өзгерістер де жүзеге асырылуы қажет екенін айтты. Үкімет пен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын әзірлеу барысында бүгінгі талқылаудың нәтижелерін ескеру жөнінде тапсырма берілді.

Жиын барысында энергетика саласы мен тиімді тариф саясатын дамыту жөніндегі шараларға баса мән берілді. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев және Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады. Мемлекет басшысы "Тарифті инвестицияларға айырбастау" бағдарламасын тиімді әрі уақытылы жүзеге асыру Үкіметтің басты міндеті екенін айтты.

Президент жылу энергетикасы және энергия жүйесінің нысандары білікті кадрлармен қамтамасыз етілмегенін келесі өзекті мәселе ретінде атап өтті. Кадр тапшылығы мәселесін жедел шешу жөнінде тапсырма берілді.

Жиында ұлттық жобаларды әзірлеу мәселесі де қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев "Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

"Қолжетімді интернет" жаңа ұлттық жобасы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндады. Мемлекет басшысы министрдің баяндамасын тыңдап, аталған ұлттық жоба халықты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету керек екенін баса айтты.

Бұдан бөлек, жиында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын кешенді түрде дамыту мәселесі талқыланды. Бұл мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламаны тиімді іске асыру және отандық өнімдерді кеңінен қолдану аса маңызды екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025985-toqaev-zylu-elektr-nysandarynda-bilikti-mamandardyn-zetispeitinin-atap-otti-foto/