Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Жарияланған күні:

Президент Зүлфия Сүлейменованы қабылдады
Президенттің қабылдауы. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Зүлфия Сүлейменова мемлекет басшысына:

  • орман шаруашылығын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау, соның ішінде техника сатып алу және ықтимал орман өртін алдын ала анықтау жүйелерін орнату бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде;
  • табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелеріне қажетті өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техникалардың тізімін кеңейту үшін тиесілі нормаларды жаңарту жұмыстары басталғанын;
  • негізгі өзен бассейндеріндегі, әсіресе,еліміздің оңтүстік аймақтарындағы су тапшылығы жағдайында вегетациялық кезеңнің қалыпты өтуі үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Президент табиғатты қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту ісін кешенді түрде жүзеге асыру маңызды екенін аттап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтап, оларды жою үшін құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ қажет жағдайда құқық бұзушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026163-toqaev-ekologiya-zane-tabigi-resurstar-ministri-zulfiya-suleimenovany-qabyldady/