Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысына компанияның биыл бірінші жартыжылдықта атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берілген.
Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" компаниясы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсімге қол жеткізгені айтылған.
Мағзұм Мырзағалиев ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын баяндады.
Атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыттың және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жұмыс істейтін гибридті электр станциясының құрылысы жөнінде айтты.
Мемлекет басшысына мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы, жанар-жағармай материалдары өндірісінің қарқыны және олардың қорын қалыптастыру туралы мәлімет берілді.
Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" Францияның Air Liquide компаниясымен бірлесіп, Павлодар мұнай химиясы зауытында 160 мың тоннаға дейін қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік беретін жобаны іске асыруға ниетті.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және перспективті барлау учаскелерін зерттеу үшін ірі инвесторлар тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026458-toqaev-qazmunaigaz-uk-aq-basqarma-toragasy-magzum-myrzagalievti-qabyldady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.