Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Құдайбергенов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Бауыржан Әлібекұлы  Құдайбергенов
Бауыржан Әлібекұлы Құдайбергенов. Фото: t.me/KZgovernment

Бүгін үкімет қаулысымен Бауыржан Әлібекұлы Құдайбергенов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

"ҚР үкіметінің қаулысымен Бауыржан Әлібекұлы Құдайбергенов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Бауыржан Құдайбергенов 1988 жылы дүниеге келген.

Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Манчестер университетін, (Ұлыбритания) және Назарбаев университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Талдау және ақпараттандыру бөлімінің инспекторы болып бастады.

2012-2017 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құрылымында сарапшы-аудитор, бас сарапшы-мемлекеттік аудитор қызметтерін атқарған.

2018-2022 жылдары Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде, Тұңғыш Президент Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2022 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін премьер-министрдің кеңесшісі болды.

"Болашақ" стипендиясының иегері, 2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026511-bauyrzan-qudaibergenov-ulttyq-ekonomika-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/