Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев отбасының шетелде активтері бар-жоғы тексеріле ме: Бас прокуратура өкілі жауап берді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz

Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов сенат кулуарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев отбасының шетелде активтері бар-жоғы тексерле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері бүгін сенатта депутаттар "Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң жобасын екі оқылымда қарап, мақұлдағанын атап өтті.

Осы орайда журналистер Бас прокуратура өкіліне осы заң қолданысқа енгізілгеннен кейін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев отбасының шетелде активтері бар-жоғы тексерле ме деген сауал қойды.

Алайда Ұлан Байжанов бұл сұраққа нақты жауап бермеді.

"Заңда субъектілердің критерийлері өте анық көрсетілген. Егер сіз атаған фамилия, сол отбасының мүшелері осы критерийлерге жататын болса, әрине, бұл заң оларға қатысты болады", – дейді ол журналистерге берген жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026801-nursultan-nazarbaev-otbasynyn-setelde-aktivteri-bar-zogy-tekserle-me-bas-prokuratura-okili-zauap-berdi/