Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қошанов: Халық қазір не жағдай болса да әкімдікті іздемейді, Amanat қайда дейді

Жарияланған күні:

Ерлан Қошанов
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Елде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың нәтижесінде өңірлердегі депутаттардың саяси салмағы артты. Бұл туралы бүгін елордада өткен форумда Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

Айта кетейік, бүгін Астанада Amanat партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық алғашқы форумы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 2,5 мыңнан астам делегат қатысты.

Мәслихат депутаттарының республикалық форумы
Фото: пресс-служба партии "Amanat"

"Қазір онсыз да қоғамның сұранысы күшейді. Алайда, азаматтар бізден орындалмайтын нәрсені сұрап отырған жоқ. Олар берген уәделеріміздің уақытында әрі сапалы орындалуын, реформалардың нақты нәтижесін тағатсыздана күтіп отыр. Олай болса, депутаттардың бел шешіп жұмысқа кірісетін шағы келді. Бұл, әсіресе, мәслихат депутаттарына қатысты. Бұрын халық әкімді іздейтін, қазір депутаттан сұрайды. Не жағдай болса да, "Amanat қайда?" дейді. Оны өздеріңіз де сезініп жатқан шығарсыздар. Біз осы сынаққа дайын болуымыз керек", - дейді Ерлан Қошанов.

Мәслихат депутаттарының республикалық форумы
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Партия төрағасы өңірлердегі депутаттар үшін Amanat әрдайым тіреу болатынын да жеткізді.

Мәслихат депутаттарының республикалық форумы
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

"Партиялық тізіммен және бір мандатты округтен сайланған депутаттардың құзыреті де, жауапкершілігі де бірдей. Бір мандатты депутаттар халықтың сенімімен, партияның қолдауымен сайланған. Сондықтан, партия сіздерді жалғыз қалдырмайды. Бұған дейін де қолдап келгенбіз және қолдай береміз. Өйткені, әр депутаттың уәдесі – партияның да уәдесі. Amanat жауапкершілікті әр депутатпен бірге бөліседі", - деп сөзін түйіндеді ол.

Мәслихат депутаттарының республикалық форумы
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026841-erlan-qosanov-xalyq-qazir-ne-zagdai-bolsa-da-akimdikti-izdemeidi-amanat-qaida-deidi/