Тоқаев полиция қызметкерлеріне: Азаматтарымызға құрғақ есеп емес, сіздердің қызметтеріңіздегі нәтиже қажет
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде полицейлердің қызметіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президенттің сөзінше, азаматтардың өзекті мәселесін шешуге бюрократия кедергі.
"Бюрократия жойылса, полицияның уақыты үнемделеді, күш-қуаты босқа жұмсалмайды. Азаматтардың өзекті мәселесін шешуге көбірек мүмкіндік туады.
Біздің азаматтарымызға құрғақ есептер емес, сіздердің қызметтеріңіздегі елеулі өзгерістер мен нақты нәтижелер қажет. Сервистік модельдің мәні – осы. Оның негізгі тәсілдері полиция қызметінің барлық аспектілері мен салаларына енгізілуі керек", - дейді мемлекет басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026940-toqaev-policiya-qyzmetkerlerine-bizdin-azamattarymyzga-qurgaq-esep-emes-sizderdin-qyzmetterinizdegi-natize-qazet/