Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жарияланған күні:
СҚО әкімінің өкімімен Серік Мақсұтұлы Мұхамедиев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігінің ресми сайтының ақпаратынша,
Серiк Мақсұтұлы Мұхамедиев 1965 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Көкпектi ауданы Биағаш ауылында дүниеге келген.
Бiлiмi жоғары, 1989 жылы инженер мамандығы бойынша Өскемен қаласының құрылыс-жол институтын аяқтаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласының 2562 Автотiзбектi пайдалану бөлiмiнiң басшысы болып бастады.
Сауда және бизнес салаларында экономист, сауда жөнiндегi орынбасары, сауда-саттық бөлiмiнiң басшысы, "Авто-Холдинг Компаниясы" ЖШС-нiң директоры, "Эй Джи Трэйд" ЖШС директоры, "Достар Плюс" Компаниясы" ЖШС-нiң қаржы директоры, "Дега плюс" ЖШС-нiң қаржы директоры болып iстедi.
Мемлекеттiк қызметте 2010 жылдың шiлдесiнен қазiргi уақытқа дейiн қызмет атқарып келедi. Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары басқармасында жоспарлау және сметалық-шарттық жұмыстарды жүргiзу бөлiмiнiң бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Солтүстiк Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы (2016 жылы наурыз — 2021 жылы аралығында) лауазымдарын қызмет атқарды.
2021 жылғы 14 қазаннан бүгінге дейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі болып жұмыс істедіү
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027076-petropavl-qalasynyn-akimi-tagaiyndaldy/