Әлібек Жамауов Энергетика вице-министрі болды
Жарияланған күні:
Үкімет қаулысымен Әлібек Жұмабекұлы Жамауов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.
Сүлейман Демирел атындағы университетті, Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кіші кеңесшісі болып бастаған.
2006-2009 жылдары – Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кеңесшісі, супервайзері.
2009-2015 жылдары – "Жамбыл Петролеум" ЖШС менеджері.
2015-2019 жылдары – "Жамбыл Петролеум" ЖШС атқарушы директоры.
2019-2020 жылдары — "PSA" ЖШС техникалық тобының басшысы қызметтерін атқарған.
2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "PSA" ЖШС бас директорының орынбасары болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027138-alibek-zamauov-energetika-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/