Павлодар қаласының әкімін қызметінен босату туралы шешім қабылданды
Жарияланған күні:
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Әкімдік мәліметінше, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Әкімдік ақпаратынша, Ержан Иманзаипов қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмаған, сондай-ақ қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуын тиісті түрде қадағаламаған.
Оған қоса қала әкімдігінің қала тұрғындарымен қарым-қатынасы әлсіреген.
Облыс әкімінің аппаратына президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034089-asaiyn-baixanov-pavlodar-akimin-qyzmetinen-bosatu-turaly-sesim-qabyldanganyn-malimdedi/