Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Қазақстанның Украинадағы елшісінің ауысатыны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Дархан Қалетаев
Дархан Қалетаев. Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Украинадағы елшісінің ауысуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифингте журналистер СІМ ресми өкілінен неліктен Дархан Қалетаевты басқа елшімен алмастыруға шешім қабылдағандарын сұрады.

Бұған Айбек Смадияров кері сұрақпен жауап берді.

"Мұны сізге кім айтты? Оның не айтқанын білмеймін... Жарлық жарияланғанша, ол Қазақстанның Украинадағы елшісі болып саналады", - деді министрліктің ресми өкілі.

Кейін спикер елшілерді тағайындау Сыртқы істер министрлігінің ішкі жұмыс процесі екенін, президент жарлығы жарияланғаннан кейін ғана белгілі бір елшіні ауыстыру немесе тағайындау туралы айтуға болатынын атап өтті.

"Басқа ақпарат бере алмаймыз. Жарлық шығады, жаңалық болады", - деді Айбек Смадияров

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Дархан Қалетаевтың өзі Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі қызметінен әлі кетпейтінін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036259-sim-qazaqstannyn-ukrainadagy-elsisinin-auysatyny-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/