Top.Mail.Ru

Зектілері

Нұрлан Алдамжаров су ресурстары вице-министрі лауазымына тағайындалды

Жарияланған күні:

Нұрлан Алдамжаров
Нұрлан Алдамжаров. Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет қаулысымен Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұны үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Primeminister.kz мәліметіне сүйенсек, Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров 1975 жылы 12 қыркүйекте Ташкент қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын "инженер-гидротехник" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Ташкент қаласында "Ташоблмелиоводстрой" трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтажнигі болып бастаған.

Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.

2008-2012 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы.

2012-2014 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары.

2014-2015 жылдары — ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары — "Нұр Отан" (қазіргі "Аманат" - ред.) партиясының орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043230-nurlan-aldamzarov-su-resurstary-vice-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/