Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жаңа прокурор тағайындалды

Жарияланған күні:

Руфат Бауыржанұлы Құттықов
Руфат Құттықов. Фото: t.me/GenPr

Ақмола облысында президенттің келісімі негізінде бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Құттықов облыс прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Қазақстанның Бас прокуратурасы Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, президенттің келісімі негізінде бас прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Руфат Бауыржанұлы Құттықов еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының прокуроры, Атырау облысы Атырау қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

2022 жылдан бастап Маңғыстау облысының прокуроры болды.

Руфат Құттықов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесіне "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Сондай-ақ ол прокуратураның құрметті қызметкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2103581-aqmola-oblysynda-zhanga-prokuror-tagaiyndaldy/