Әлихан Смайылов: Ұлттық компанияларды тексереміз
Жарияланған күні:
Сенат аясында өткен брифингте Әлихан Смайылов ұлттық компанияларға тексеріс жүргізілетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Жоғары аудиторлық палатаның құзыреті кеңейгендіктен, енді "Самұрық-Қазынаға" қарайтын ұлттық компаниялардың кіріс-шығысына сараптама жүргізе алады.
"Былтыр мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаға қосымша екі функцияны берді. Біріншісі – жергілікті бюджеттің аудитын жүргізу, игерілуі және басқару бойынша, екінші басқа мемлекеттік аудиторлық органдардың жүргізген аудиторлық іс-шараларын қайта қарап аудит жүргізу. Біз қазір квазмемлекетік сектордың компанияларын егжей-тегжейлі жұмыстарын тексеру, аудит іс-шараларын жүргізіп жатырмыз. Кеше ғана мәжілісте көлік саласын болып жатқан мәселені баяндап бердік. Биыл "Самұрық-Қазынаның" ірі компанияларын тексереміз", - деді Смайылов.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері EXPO туралы сұрады. Палата төрағасы Әлихан Смайылов "Компания қаншалықты шығынды ақтады?" деген сауалға жауап берді.
"EXPO-да квазимемлекеттік компания ғой. Өз кезегінде оларды да тексереміз. Қазір EXPO табысы ұлғайды. Бірақ толығымен өзін-өзі ақтап жатыр деп айта алмаймын",- деді палата төрағасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2116944-alihan-smaiylov-ulttyq-kompaniialardy-tekseremiz/