Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бектенов: Тұрғындар жылдамдығы 100 Мбит/секундтан кем болмайтын интернетпен қамтамасыз етілуі керек

Жарияланған күні:

Олжас Бектенов
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов байланыс операторларының тарифтер құнын ұлғайту мәселесін көтерді. Оның айтуынша, байланыс операторларының сөзбайласуына және тарифтердің негізсіз артуына жол бермеу керек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

"Бәсекелестікті дамыту мақсатында байланыс қызметтерінің тарифтерін мемлекеттік реттеу алып тасталғаны белгілі. Бәсекелестік қана бас реттеуші болуға тиіс. Алайда әзірге бұл байқалмай отыр – операторлардың барлығында бағалар шамамен бірдей.

Бұдан басқа, Салық кодексінің шеңберінде операторлар үшін радиожиілікті спектрге 90% мөлшерінде жеңілдік көзделген. Осы ретте операторлар лицензиялық міндеттемелерге сәйкес үнемделген қаражатты байланыс инфрақұрылымын дамытуға инвестициялау тиіс.

Сондықтан министрлік монополияға қарсы органмен бірлесіп операторлардың өз міндеттемелерін толыққанды орындауын және бағалық сөзбайласу мен тарифтердің негізсіз артуына жол бермеуді қамтамасыз етуі қажет", - деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетсек, бұған дейін үкімет отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елімізде 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс екенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2119290-olzhas-bektenov-bailanys-operatorlary-tarifterdi-negizsiz-qymbattauyna-zhol-bermeu-kerek/