Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды

Опубликовано:

Ерхат Есқалиев
Ерхат Есқалиев. Фото: Facebook/Ерхат Есқалиев

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес ол 18 маусымда қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ерхат Есқалиев 1976 жылы Алматы қаласында туған. "Братьев Карич" университетінің Банк ісі және сауда академиясын, "Әділет" жоғары құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Халықаралық бизнес мектебін бітірген.

1999 жылдан 2003 жыл аралығында Атырау облысы әкімдігінің, Қаржы министрлігінің, "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеді.

2003-2006 жылдары – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ басқарушы директоры."

2006 жылдан 2008 жыл аралығында "ҚДБ-ЛИЗИНГ" АҚ басқарма төрағасы болды.

2008-2009 жылдары – "ҚАЗТЕМІРТРАНС" президенті.

2009 жылдан 2010 жыл аралығында — индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі.

2010-2011 жылдары – "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ президент кеңесшісі.

2011 жылдан 2013 жыл аралығында — "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ логистика жөніндегі вице-президенті.

2013-2015 жылдары – "KAZLOGISTICS" Қазақстан көлік одағы" ЗТБ бас директоры.

2015 жылдан 2016 жыл аралығында "Біріккен көлік-логистикалық компания" ААҚ бірінші вице-президенті болып еңбек етті.

2016-2018 жылдары – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" Көлік және логистика" салалық дирекциясының директоры".

2018-2020 жылдары қазіргі уақытқа дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік логистикасы ішкі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылғы шілде айында Есқалиев Ерхат "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2119440-sq-farmatsiia-zhshs-basqarma-toragasy-okilettigi-merziminen-buryn-toqtatyldy/