Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрі жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін әскерден босатуды ұсынды

Опубликовано:

Сарбаз киімі
Сарбаз киімі. Көрнекі сурет: gov.kz/memleket

Үкімет отырысында Еңбек министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова Қазақстанда техникалық мамандар тапшылығын айта келе, колледждерде әскери кафедралар ашуды ұсынды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Техникалық мамандықтар бойынша мамандардың тапшылығын ескере отырып, осы мамандықтар бойынша оқу орнын аяқтап, мамандығымен жұмыс істеп жатқан техникалық мамандық иелерін әскери борышын өтеуден босату мәселесін қарастыруды және оларды әскери дайындықтан өткізу үшін колледждерде сержант құрамын даярлауға бағытталған әскери кафедралар ашуды ұсынамын", - деді министр.

Жалпы, министрлік өкілдерінің болжамы бойынша, 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасы 3,8 миллион сапалы жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі, бұл жұмыспен қамтудың жалпы құрылымының 45 пайызына тең.

Бейбіт уақытында әскери шақырудан мынадай азаматтар босатылуы мүмкін:

  • денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар.

Қазіргі уақытта соған сәйкес азаматтар әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танылуы көзделген аурулар тізімі көзделген. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша дәрігер маман мынадай белгілер бойынша азаматтардың жарамдылық санаттары туралы қорытындыны шығарады:

  • "А" – әскери қызметке жарамды;
  • "Б" – әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды;
  • "В" – кейіннен медициналық куәландырумен тексеруге (емдеуге) мұқтаж;
  • "Г" – әскери қызметке уақытша жарамсыз;
  • "Д" – әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
  • "Е" – әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз.
  • жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
  • туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе оған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген;
  • басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;
  • "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;
  • ғылыми дәрежесi бар азаматтар;
  • тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.

Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

  • білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне;
  • тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған ретте – бiр жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағанға дейiн;
  • жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне беріледі.

Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру қашықтан оқытуды қолдана отырып білім алатын азаматтарға берілмейді.

Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен бiр жылға дейінгi мерзiмге беріледi.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2123520-engbek-ministrligi-qazaqstandagy-zhogary-oqu-oryndarynyng-keibir-tulekterin-askerden-bosatudy-usyndy/