Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте маңызды құжат": Тоқаев жуырда қабылданған" Масс-медиа" заңы туралы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Telegram/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, жуырда қабылданған "Масс-медиа" туралы заң туралы пікір білдірді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президент БАҚ саласындағы қызметкерлерді құттықтау рәсімінде парламенттің кезекті сессиясы аяқталатынын айтып, осы аралықта қанша заң қабылданғанын тілге тиек етті.

"Ертең парламенттің кезекті сессиясы аяқталады. Депутаттар маңызды оқиғалардың бел ортасында жүр. Сайлаушылармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Олар өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық пікірталасқа ұйытқы болып отыр. Халыққа қажет заңдарды қабылдау жөнінде бастамалар көтеруде. Осы сессияның өзінде елдің дамуына тікелей ықпал ететін 100-ден астам заң қабылданды.

Өздеріңізге мәлім, жуырда мен "Масс-медиа туралы" заңға қол қойдым. Өте маңызды құжат. Журналистердің мүддесі мен құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілген деп айтуға болады. Бұл құжат еліміздегі масс-медианың әлеуетін арттыра түседі деп ойлаймын. Сондай-ақ ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді", - деді президент.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 маусымда "Масс-медиа" туралы заңға қол қойды. Жаңа заңға "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңдардың негізгі ережелері енді.

Жаңа заңда бірқатар тың ереже қарастырылған.

Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, интернет-ресурстарды да қамтитын "масс-медиа" деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізілді.

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүзеге асырылатын Бірыңғай медиа платформа құру көзделген. Оның ішінде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру, аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі арқылы (аккредитация карталарын берудің автоматтандырылған процесі) журналистерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тіркеу және басқа да міндеттер қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2124975-ote-mangyzdy-quzhat-toqaev-zhuyrda-qabyldangan-mass-media-zangy-turaly-aitty/