Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат төрағасы АЭС-ті қай ел салатынына қатысты сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Атом электр станциясы
Атом электр станциясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Сенат кулуарында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде АЭС салуға қай ел таңдалатанына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан журналистер АЭС-ті қай ел салатынына қатысты таңдауды кім жасайтынын сұрады. Сондай-ақ "АЭС салына ма? деп референдум жарияланғанын тілге тиек етіп, "қай ел салатынына қатысты референдум өткізіле ме?" деп сұрады.

"АЭС-ты қай ел салуы керек, ол бір ел бола ма, бірнеше елден біріккен консорциум бола ма, оны үкімет шешуі керек. Біздің еліміз үшін қайсы тиімдірек болады, анализ жасауы керек. Шешім біздің еліміз үшін пайдалы болуы керек. Үкіметте бұған қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр деп ойлаймын. Біз де бұл процеске өз үлесімізді қосамыз", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол АЭС салуды қолдайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл еліміздегі электр энергиясы тапшылығын шешудің тиімді жолы.

"АЭС керек пе немесе керек емес пе? Шешімді халық жасайды. Біз билік тарапынан ұсыныс айтқанымызбен, ары қарай Қазақстан халқы өзі таңдау жасайды. Жалпы осы мәселеге қатысты тиісті ақпарат таратылып, осы бастаманың мән-жайы түсіндірілетіні анық. Референдумға орай түрлі әлеуметтік топтар, сарапшылар өз пікірлерін айта жатар. Халық осы ақпаратты қорытып, шешім қабылдайды. Қазақстандықтар бұл рефрендумда өз ұстанымын нақты көрсетеді деп сенемін. Экономикамызды дамытудағы қазіргі проблемалардың бірі электр энергиясының тапшылығына байланысты. Экономикамызды екі есе ұлғайтамыз деген жоспарымыз бар.

Үкімет біраз өндірісті ашу бойынша жұмыс атқарып жатыр. Сондықтан электр энергиясының бұдан да көбірек көлемі керек екені анық. Егер энергия көзі болмаса, онда бұл жағдай үлкен проблемаға алып келеді. Сол себепті цифрлық техннологияларды, жасанды интеллекті, өндірісті дамытуға қосымша энергия керек. Бұл мәселені тұрақты түрде шешудің бірден бір жолы – Қазақстанда атом электр станциясын салу. Осыған байланысты президент күзде референдум өткізілетінін айтты", - деді Әшімбаев.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС жөніндегі референдум күзде өтетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2125146-senat-toragasy-aes-ti-qai-el-salatynyna-qatysty-suraqqa-zhauap-berdi/