Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асыға күтеміз": Тоқаев Си Цзиньпиннің Қазақстанға алдағы сапарына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Си Цзиньпин мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Си Цзиньпин мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

ШЫҰ саммиті мен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне сұхбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев сұхбатында Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен әріптестігін жоғары бағалайтынын және ҚХР басшысын өзінің досы деп атайтынын айтты.

"Біздің қарым-қатынасымыз берік достық, ортақ тарих және тату көршілік қарым-қатынастарға негізделген. 2022 жылғы қыркүйекте досым Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында біз екіжақты ынтымақтастықтың "алтын 30 жылдығын" бастадық.

Қытай басшысының пандемиядан кейінгі алғашқы шетелге сапары Астанаға болғаны қуантады. Бұл Бейжіңнің сыртқы саясатындағы Қазақстанмен қарым-қатынастың басымдылығын тағы да растайды", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол кейінгі жылдары Қытайға үш рет барғанын еске алды.

"Әрине, жеке байланыстарды дамыту ынтымақтастығымызды тереңдетуге және екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста жаңа көкжиекті ашуға маңызды серпін береді.

Осы жылдар ішінде арамызда қалыптасқан шынайы достық және сенімді қарым-қатынастар жаңа ұлы мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізеді", - дейді Қазақстан президенті.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне жазбаша сұхбат беріп, Қытайда 8 жыл тұрғанын, оқыған кезде сол елден не үйренгенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2126667-asyga-kutemiz-toqaev-si-tszinpinning-qazaqstanga-aldagy-sapary-turaly-pikir-bildirdi/