Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға Гурбангулы Бердімұхамедов келді

Опубликовано:

Гурбангулы Бердімұхамедов, Олжас Бектенов
Гурбангулы Бердімұхамедов, Олжас Бектенов. Фото: t.me/KZgovernment

Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан астанасына келді. Әуежайда түрікмен халқының ұлттық көшбасшысын Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Гурбангулы Бердімұхамедов алғаш рет өткізіліп отырған "ШЫҰ плюс" форматындағы кездесуге қатысады, ол "Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу" ұранымен өтіп жатыр. Отырысқа байқаушы мемлекеттердің басшылары, құрметті қонақтар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.

"Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дамуда. Транзиттік-көлік саласында бірлескен өзара тиімді жобалар бар, газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша қадамдар белгіленген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі 563 млн доллар болды, осылайша 2022 жылмен салыстырғанда 28 пайызға ұлғайды. Биыл да оң үрдіс сақталды: 4 айда өзара сауда көлемі өсіп, 167,8 млн долларға жетті", - делінген үкімет хабарламасында.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128773-shyu-sammitine-qatysu-ushin-astanaga-gurbanguly-berdimuhamedov-keldi/