Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қой етінен қуырдақ, Каспий бекіресі: ШЫҰ саммитінің мәртебелі қонақтарына қандай дастархан жайылды (фото)

Опубликовано:

Мейрамхана
Мейрамхана. Көрнекі фото: pixabay

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Telegram-дағы Борт N1 арнасында ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына ұсынылған ас мәзірі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген Ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына ұсынылған түскі ас мәзірі жарияланды.

Мәзірде қой етінен қуырдақ, бал қыша тұздығы қосылған авокадо салаты, Каспий бекіресі, бұзау етінен чебурек және сиыр етінен тұшпара, т.б. бар.

Сондай-ақ десертке лайм сорбеті, карамельді грильяждағы ванильді суфле ұсынылған.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2129004-qoi-etinen-quyrdaq-kaspii-bekiresi-shyu-ga-mushe-memleket-basshylary-tuski-asqa-ne-ishti-foto/