Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШЫҰ саммиті: Тоқаев неге Си Цзиньпинді ғана әуежайдан өзі қарсы алды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин. Фото: Ақорда

Астанада 3-4 шілдеде Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің саммиті өтті. Оларды Қазақстанға келгенде кімдер қарсы алғанын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Астанадағы ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі қонақтарды қарсы алу келесідей ұйымдастырылды:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді әуежайдан өзі қарсы алды.

  • Премьер-министр Олжас Бектенов президенттер Владимир Путин, Шахбаз Шариф, Эмомали Рахмон, Шавкат Мирзиеев, Садыр Жапаров, Режеп Тайип Ердоған, әмір Тамим бен Хамад әл-Таниді;
  • премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев президент Ильхам Әлиевті, ал премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Иранның уақытша атқарушы президенті Мұхаммед Мохбер Әлиді;
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев Рас әл-Хайм әмірі және БАӘ Жоғарғы Одақ Кеңесінің мүшесі Сауд ибн Сакр әл-Касимиді;
  • Алматыда Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришті қарсы алды.

Осылайша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысын ғана өзі қарсы алды. Қытайтанушы Әділ Қаукенов бұл жағдайды түсіндірді.

"Си Цзиньпин ШЫҰ аясындағы жұмыс кездесуіне ғана емес, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген және оның барысында ШЫҰ саммитіне де қатысты", - делінген Қаукеновтің Telegram-дағы "Записки казахского китаеведа" парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2129130-shyu-sammiti-toqaev-nege-si-tszinpindi-gana-auezhaidan-ozi-qarsy-aldy/