Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада өткен ШЫҰ саммитінен бұған дейін көрсетілмеген фотосуреттер жарияланды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Си Цзиньпинь
Қасым-Жомарт Тоқаев, Си Цзиньпинь. Фото: t.me/bort_01

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі өкілдері кеше Астанада өткен ШЫҰ саммитінен бұған дейін көрсетілмеген фотосуреттерді жариялады. Бұл жөнінде Telegram-дағы "Борт№1" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жазба авторлары бұл фотосуреттердің басқа дереккөздерде жарияланбағанын атап өткен.

Фотосуреттерден Қасым-Жомарт Тоқаевтың және басқа елдердің президенттерінің бір-бірімен қол алысып, пікір алмасып тұрғанын көруге болады.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген өнер көрсеткен сәттен суреттер жарияланған.

Еске салсақ, Астанада 4 шілдеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 24-саммиті өтті.

Саммит барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесіне қатысушылар Беларусь Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруі туралы құжатқа ресми түрде қол қойды.

Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Астана декларациясына қол қойылды.

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ-ның 2025-2027 жылдарға бас хатшысы болып тағайындалғаны да белгілі болды.

Бұдан кейін мемлекет және үкімет басшылары "ШЫҰ плюс" форматында кездесті.

Астанада өткен ШЫҰ-ның "плюс" форматындағы саммитте Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы "өзара іс-қимылдың жаңа серпіні" бойынша бірнеше ұсыныс айтты.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аяқталды – ол ҚХР-ға өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге қызметіне табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2129865-astanada-otken-shyu-sammitinen-bugan-deiin-korsetilmegen-fotosuretter-zhariialandy/