Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы мен жеке өзінің атынан Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен, оның Біріккен Корольдіктің премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

"Осы тарихи сәтте Ұлыбритания халқы партияның келешекті көздеген бағдарламасына және Сіздің тиімді көшбасшылығыңызға сенім білдірді. Қазақстан жақында қол қойылған стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында Ұлыбританиямен сан қырлы ықпалдастықты одан әрі дамытуға бейілді", – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жаңадан сайланған премьер-министрдің жауапты жұмысына табыс, Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2129889-toqaev-ulybritaniianyng-zhangadan-tagaiyndalgan-premer-ministrine-quttyqtau-zhedelhatyn-zholdady/