Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті: Қарабақ декларациясы қабылданды
Жарияланған күні:
Әзербайжанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Қарабақ декларациясы қабылданды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Ақорда ақпаратынша, жиын соңында Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығын нығайту туралы мемлекеттер басшыларының шешіміне қол қойылды.
Сондай-ақ саммит қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды.
Еске салсақ, бүгін, 6 шілдеде мемлекет басшысы Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан президенті Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратында қарсы алды.
Сонымен қатар Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысып, бірқатар маңызды мәселені көтерді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2130096-turki-memleketteri-uiymynyng-beiresmi-sammiti-qarabaq-deklaratsiiasy-qabyldandy/