Ардақ Амангелдиев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Жарияланған күні:
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ардақ Амангелдиев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Үкіметтің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Ардақ Амангелдиев 1975 жылы дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ Ли Куан Ю атындағы мектеп пен Д. Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің бірлескен шеберлік бағдарламасын (мемлекеттік басқару бойынша магистр) оқыған.
Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облыстық қаржы басқармасының бас маманы болып бастады. Әртүрлі жылдары Қаржы министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Денсаулық министрлігінде, "Қазына"тұрақты даму қорында, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында, Ұлттық банкте, Премьер-министр кеңсесінде және ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет етті.
2016-2023 жылдар аралығында "Астана" халықаралық қаржы орталығында басқарушы кеңесшісі, АХҚО басқарушы директоры болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2131233-ardaq-amangeldiev-densaulyq-saqtau-vitse-ministri-qyzmetine-tagaiyndaldy/