Тәжікстан сапары: Тоқаев пен Рахмон бейресми жағдайда кездесу өткізді
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапары жалғасуда. Ел басшылары бейресми жағдайда кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Telegram-дағы Борт №1 арнасы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның суретін жариялады. Сондай-ақ ресми келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан президенті мен Тәжікстан президенті бейресми кездесу өткізгені хабарланды.
Мемлекет басшылары Дехкада резиденциясында бір шыны шай үстінде екіжақты байланысты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2152293-toqaev-pen-rahmon-beiresmi-zhagdaida-kezdesu-otkizdi/