Бүгін Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі
Жарияланған күні:
Бүгін, 2 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Ақорда мәліметінше, президент жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
️Жиынға сенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
Президент жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.
Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойғанын жазған едік.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2155845-toqaev-bugin-qazaqstan-halqyna-zholdauyn-zhariialaidy/