Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Алма Мұқанова
Алма Мұқанова. Фото: gov.kz

Үкімет қаулысымен Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметінен босатылды. Қаулы "Әділет" ақпараттық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған үкіметтің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, Алма Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, Алма Мұқанова бұл қызметке 2022 жылғы сәуірде тағайындалған болатын.

Қазақстан Республикасының премьер-министрінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Алма Мұқанова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, The University of Warwick (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы "ҚазРуно" АҚ маманы болып бастаған.

Әр жылдары "Қазақ гуманитарлық заң университеті" АҚ маманы, Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасы және қорғаныс саласындағы заңнама басқармасы сарапшысының м. а., сарапшысы, бас сарапшысы, Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің экологиялық заңнама және өнеркәсіп пен көлік саласындағы заңнама басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2017-2021 жылдары – Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2160024-alma-muqanova-adilet-vitse-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/