Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Жарияланған күні:
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.
ҚНРДА сайтындағы мәлімет бойынша, Тимур Әбілқасымов Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын "бизнес экономикасы" және "мемлекеттік саясат экономикасы" мамандықтары бойынша 2011 жылы аяқтаған.
Лондон бизнес және қаржы мектебінде тәуекел-менеджмент" мамандығы бойынша МВА дәрежесін алды. Тәуекелдерді басқару жөніндегі кәсіби мамандардың жаһандық қауымдастығынан FRM (Financial Risk Manager) халықаралық сертификатының иегері болып табылады. Бұдан басқа, Тимур Әбілқасымовтың операциялық тәуекелдер, Базель III және Data science бойынша сертификаттары бар.
Басқа да лауазымдары: бұрын Әбілқасымов "Қазтеміртранс" АҚ және Kazakhstan Energy Reinsurance Company Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымын атқарды, сондай-ақ М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-да аға оқытушы болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ тәуекелдерді басқару, модельдеу және қаржы секторы мәселелеріне арналған "Risk Takers" телеграм-арнасының авторы болған.
Бұған дейін 2021 жылы экономист Тимур Әбілқасымов ҚНРДА Төрағасының кеңесшісі болып тағайындалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2163877-qarzhy-narygyn-retteu-zhane-damytu-agenttigi-toragasynyng-orynbasary-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.