Түркістан облысының туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жарияланған күні:
Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы болып Нұрдәулет Медеуов тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет iстері агенттігінің келiсiмімен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрдәулет Медеуов Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов таныстырды.
Нұрдәулет Медеуов 1988 жылы 21 қыркүйекте Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "Туризм" және Шымкент қаласы Шымкент университетінде "Экономика" мамандығы бойынша білім алған.
Түркия Республикасы, Анталия қаласындағы Ақтеңіз университеті "Туризм және қонақ үй бизнесінің" магистрі. "Туризм саласының үздігі" төсбелгісі және "Үздік өңірлік бизнес-тренер" номинацияларымен марапатталған.
Медеуов еңбек жолында "Оңтүстік Қазақстан облысы туризмді дамыту ассоциациясы" қоғамдық бірлестігінің директор міндетін атқарушы, Астана қаласының білім басқармасы "Жас саяхатшылар станциясы" мемлекеттік мекемесінің туризм нұсқаушысы, Астана қаласының білім басқармасы "Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы" МКҚК-нің туризм нұсқаушысы болып қызмет етті.
Сонымен бірге Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының "Turkistan Tourism Center" туристік ақпараттық орталығы" КММ-нің басшы орынбасары, Туризм басқармасы Туризмді дамыту бөлімінің бас маманы, Туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы, Туризмді дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Жыл басынан бүгінге дейін Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы және мәдениет басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2165272-turkistan-oblysynyng-turizm-basqarmasyna-zhanga-basshy-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.