Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкер Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады

Жарияланған күні:

Геннадий Зенченко
Геннадий Зенченко. Фото: Eldala.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін "Зенченко және К" КС директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысы жарияланды.

Бас аграрлық сайттың мәліметінше, Геннадий Зенченко 1964 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданында дүниеге келген.

Ол әр жылдары реттеуші, бақылаушы, бас инженер болып жұмыс істеген.

Геннадий Зенченко 2021 жылдан бастап "Зенченко и К" коммандиттік серіктестігінің басшысы болып қызмет етіп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2165287-qasym-zhomart-toqaev-kasipker-gennadii-zenchenkoga-algys-zhariialady/