Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК төрағасының жаңа тағайындалған орынбасары туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Руслан Сарқұлов
Руслан Сарқұлов. Фото: ҚР ҰҚК

Бүгін мемлекет басшысы Руслан Сарқұловты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады. Ведомствоның ресми сайтында оның өмірбаяны жарияланды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Руслан Серікұлы Сарқұлов 1993 жылдан бері ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етіп келеді. 2009 жылға дейін ҰҚК құрылымында офицерлік қызметтер атқарған.

Сондай-ақ ол 1998 жылы Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі академиясын бітіргені белгілі болды.

Ал 2009-2024 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтер атқарған.

Бүгін, 2024 жылғы 25 қыркүйекте ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Оған 2023 жылы ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілген.

1 және 2 дәрежелі "Айбын" ордендерімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.

Еске салсақ, бұған дейін Марат Жұмабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалған еді.

Сондай-ақ Алмас Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ал президент өкімімен Бақытбек Қосжанов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2166015-fqk-akademiiasy-zhane-ulttyq-qauipsizdik-organdaryndagy-30-zhyl-uqk-toragasynyng-zhanga-orynbasary-turaly-ne-belgili/