"Шығыс пен Батыс арасындағы көпір": БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға алғыс білдірді
Жарияланған күні:
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан мен жаһандық ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі туралы сөз қозғады. Бұл туралы ҚР СІМ Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, Антониу Гутерриш Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге және адам құқықтарын қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалаған.
"Біз үшін Қазақстан жоғары дәрежелі серіктес, мультилатерализмнің тірегі, мәдениеттер, діндер мен өркениеттер арасындағы диалогтың жолсерігі. Сіздің еліңіз Орталық Азияның іргелі тірегі бола отырып, Шығыс пен Батыс арасындағы көпір", – деді Антониу Гутерриш.
"Мен БҰҰ бастамаларына тұрақты қолдау көрсеткені үшін, атап айтқанда, 2024 жылғы шілдеде ШЫҰ Саммитіне қатысу шеңберінде өзім барған Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанда орнықты даму жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құруды ілгерілеткені үшін еліңізге алғыс білдіргім келеді", – деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.
Айта кетейік, Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының саяси дебатында ядролық қауіпсізді пен өлім жазасын жою мәселесін көтерді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2167282-shygys-pen-batys-arasyndagy-kopir-buu-bas-hatshysy-qazaqstanga-algys-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.