Екі айдан кейін Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жарияланған күні:
Орал қаласының жаңа әкімі болып Мұрат Бәйменов тағайындалды. Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Бүгін, 1 қазанда қала әкімдігінде мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Мәслихат депутаттары Орал қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын қарады.
Депутаттармен келісе отырып, Орал қаласын 55 жастағы Мұрат Бәйменов басқаратын болды.
Әкімдік сайтындағы жарияланған мәліметке сүйенсек, Байменов Мұрат Болатұлы 1969 жылы дүниеге келген.
2002 жылы Орта Азиялық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
1985-1986 жылдары Шыңғырлау кеңшарының құрылыс жұмысшысы;
1987-1989 жылдары . Кеңес Армиясы Қарулы күштері қатарында;
1989-1991 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық техникумының студенті;
1991-1993 жылдары Шыңғырлау совхозы №6 бригадасының есепшісі;
1993-1994 жылдары БҚО Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозының бухгалтері;
1996-1999 жылдары БҚО Қаржы басқармасының агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру бөлімінің жетекші ревизор-инспекторы;
1999-2002 жылдары БҚО Қаржы басқармасының материалды өндіріс саласы бөлімінің бас экономисі;
2002-2004 жылдары БҚО Қаржы басқармасының халық шаруашылығы саласын қаржы, борыш, несиелендіру бөлімінің бастығы;
2004-2005 жылдары БҚО Қаржы басқармасы бастығының орынбасары
2006-2007 жылдары "Ақжайық санаториясы" ААҚ дирекоры,
2007-2008 жылдары "Жайық самалы" ЖШС директоры;
2008-2010 жылдары Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары,
2010-2012 жылдары БҚО әкімі аппараты экономикалық талдау, ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің меңгерушісі;
2012-2013 жылдары Зеленов ауданы әкімінің орынбасары;
2014-2016 жылдары БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы орынбасары;
2016-2019 жылдары "Жайықжылуэнерго" АҚ Бас директоры;
24.06.2020 жылдан осы тағайындауға дейін Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2168076-eki-aidan-keiin-oral-qalasyna-zhanga-akim-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.