jitsu gif branding logo appbranding logo app

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Тelegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

"Мемлекеттер басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.

Отырыста Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко сөз сөйледі", - делінген ресми хабарламада.

Жиында ТМД Бас хатшысының орынбасары Ильхом Нематовқа "Достық" ордені, ал ТАСС ақпараттық агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашовқа ТМД грамотасы табысталды.

ТМД саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.