Бұрынғы министр Марат Бекетаевқа қатысты іс қалай жүріп жатыр
Жарияланған күні:
Бүгінгі брифингте Антикор ұйымының ресми өкілі Данияр Биғайдаров экс-әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталды, таныстыру жүріп жатыр", - дейді Данияр Биғайдаров.
Оның айтуынша, басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді. Кейін іс бойынша тергеу аяқталған.
23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.
Кейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы министр Марат Бекетаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.
2023 жылғы 29 желтоқсанда Бекетаевтың қамау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылғанын жазған едік.
Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2172069-buryngy-ministr-marat-beketaevqa-qatysty-is-qalai-zhurip-zhatyr/