Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Гвинея-Бисау президентін елге шақырды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбаломен
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбаломен. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы арнасы хабарлайды.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады.

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2176994-toqaev-gvineia-bisau-prezidentimen-telefon-arqyly-soilesti/