jitsu gif branding logo appbranding logo app

Тоқаевтың БРИКС XVI саммиті пленарлық отырысындағы баяндамасы тікелей эфирде көрсетіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының баяндамасы 24KZ телеарнасынан шамамен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының "БРИКС+"/"аутрич" форматындағы жиынында сөз сөйлейді.

Президенттің баяндамасы 24KZ телеарнасынан шамамен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетіледі

Айта кетейік, 23 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Қазан қаласына іс-сапармен барды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен келді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығында Владимир Путинмен және басқа да әлемдік көшбасшылармен кездесті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.