Тоқаев Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияның Ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады.
Президент құттықтау жеделхатында Түркияның бірлігі мен дамуының бірегей нышаны саналатын бұл күннің мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық екі ел игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның аса жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2180147-toqaev-turkiia-prezidentine-quttyqtau-zhedelhatyn-zholdady/