Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алжир президентіне жеделхат жолдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Әбделмәжид Теббун
Қасым-Жомарт Тоқаев, Әбделмәжид Теббун.Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады.

"Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады", - делінген ресми хабарламада.

ТАСС агенттігі жариялаған мәлімет бойынша, Әбделмаджид Теббун 1945 жылы 17 қарашада Алжирдің солтүстік-батысындағы Мешерия қаласында дүниеге келген.

Мемлекеттік қызметке 1969 жылдан араласа бастаған. 2017 жылғы мамырда ол Алжирдің премьер-министрі болып тағайындалды, бірақ үш айға жетпей қызметінен босатылды. 2019 жылғы желтоқсанда Теббун елдегі президенттік сайлауда 58,13 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

2024 жылғы 7 қыркүйекте Алжирдегі президенттік сайлауда 94,65 пайыз дауыс жинап, қайта президент атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2181741-toqaev-alzhir-prezidentine-zhedelhat-zholdady/